Қармақшы ауданы Төретам және Ақай елді мекенін газбен қамтамасыз ету жұмыстарына 2,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Жосалы кентінде жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін тарту құрылысы аяқталып, тұрғындар газбен қамтамасыз етілді. Жобаға 743,8 млн.теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Нәтижесінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек баяндады.
«Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысының басталуына облыстық бюджеттен 1 млрд 721,3 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 7 млдр 172 млн теңге. Дүр Оңғар ауылына газ жеткізіліп іске асқанда аудан тұрғындарының газбен қамту үлесі 82 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, Жаңажол ауылдық округінің аумағындағы басқа 9 елді мекенге газ жеткізіп, аудан тұрғындарының 99 пайызын газбен қамтуға мүмкіндік болады.
Басқа елді мекендерді газдандыру үшін Иіркөл (20,1 млн теңге) және Төребай би ауылдарына (19,2 млн теңге) дейінгі және ауылішілік газ желісінің жобасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 39,3 млн. теңге қаржы қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді, – деді Жандос Еркінбекұлы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<