Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында жанармай нарығындағы ойыншыларға қатаң сигнал бергенін айтты, деп хабарлайды Syrboyi.kz Қазақпарат ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
– Бензин бағасы ай сайын 4 теңгеге қымбаттап отырады деген ақпарат қаншалықты рас, – деп сұрады журналист.
Алмасадам Сәтқалиев алғашқы қымбаттау 4-5 теңгенің дәлізінде болатынын айтады.
– Әзірге сондай бір нақты алгоритм жоқ. Бүгін ашық айттым да. Алғашқы бағаның көтерілуі 5 теңгеге дейін болады деп күтіп отырмыз. 4 теңге болуы да мүмкін. Әрі қарай бағаның өзгеруіне біз өте қатты ден қоямыз. Біз нарыққа айтарлықтай сигнал бердік. Біз өндірушілерге де, жеткізушілерге де монополиядан табыс табуға жол бермейміз, – деді шенеунік.
Сонда ай сайын 5 теңгеге дейін өседі деп отырсыз ғой, – деп сұрады журналист.
Министр оны алғашқы қымбаттаудан кейінгі ахуал көрсетінін атап өтті.
– Бағаның алғашы көтерілуі 5 теңгеге дейін деп айтуға болады. Әрі қарай қалай болатынын мен айта алмаймын, – деді ол.
Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<