Дағдарыс еңбекпен еңсеріледі

1644

0

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі блогер, жерлесіміз Мұрат Әбенов «Серпіліс» сараптамалық форуымының кезекті шығарылымында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен сұхбаттасты.

Сараптамалық форумда өңір да­муындағы өзекті мәселелер қамтылып, мақсат-міндеттер туралы айтылды. Қазақстан тарихындағы әйелдер ара­сындағы тұңғыш облыс әкімі ретінде Гүлшара Әбдіқалықова әңгіменің кіріс­песінде гендерлік саясатқа қатысты көзқарасын білдірді.


Қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы таңсық емес. Еліміздің даму болашағына үлес қосуда олардың ролі зор. Қыз-келіншектердің сая­сат, мемлекеттік қызмет пен бизнес сек­торындағы үлесі артып келеді.


Гүлшара Әбдіқалықова билік басына коронавирус індеті өршіген уақытта келді. Пандемия тұсында өңірімізде, елімізде ғана емес, әлемде экономика дағдарысқа ұшырады. Дағдарысты сын сағатта жұмысты дұрыс үйлестірудің арқасында ғана еңсеруге болатыны белгілі.


Пандемия кезінде Үкімет тарапынан бизнесті қолдау шараларының аясы кеңейіп, қаражат көлемі артты. Осы орайда банктер мен қаржылық ұйымдар әкімшілік кедергілерді барынша қысқартып, мемлекеттің қаржылай қолдау мүмкіндігін микро және шағын бизнес­ке бағыттауы тиіс. Бұл отандық экономиканы оңалтуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.


Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда – инвестиция салу үшін тартымды аймақ. Бізде ауыл шаруашылығы дамыған, минерал­ды ресурстардың едәуір қоры бар, тамаша туристік әлеуетке, ең бастысы, тиімді логистикалық жағдайға ие. Осы ретте облыстың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында келер жылы жергілікті экономикаға 586 млрд теңге инвес­тиция тарту жоспарланып отыр. Бұл өңірдің өркендеуіне қосқан елеулі үлес болар еді.

Биғали ҚАЮПОВ,

қоғам қайраткері,

экономика ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<