Құрылтай

Газдандыру: Биылғы меже – 85 пайыз

3

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте өңірдегі газдандыру жұмыстарының барысы талқыланды.

– Мемлекет басшысы энерге­ти­калық, инженерлік және көлік-логис­тикалық инфрақұрылымды толық­қанды дамыту, елді мекендерді «көгіл­дір отынмен» қамту көрсеткішін 65 пайызға жуық деңгейден 80 па­йызға дейін арттыру жөнінде тап­сырма берді. Бұл – өңірлер үшін аса маңызды міндет.

Сондықтан, газдандыру жоба­ла­рын уақытылы әрі сапалы іске асы­рып, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуіміз қажет, – деді облыс әкімі.

Мәжілісте тұрғындарды сұйы­тыл­ған мұнай газымен тұрақты қамта­масыз ету мәселесі де қаралды. Облыс­тық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бас­қармасына, қала және аудан әкім­деріне сұйытылған газдың тұрақты қорын, тұрғындардың «көгілдір отын­мен» үздіксіз қамтылуын бақылау тапсырылды.

Бұдан бөлек, елді мекендердің санитарлық тазалығына қатысты жаңа талаптар талқыланды. Биыл 1 шілдеден бастап қолданысқа енгі­зілген қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгілік қағидаларын тұрғындарға кеңінен түсіндіру қажет.

Қағидаларды бұзу, қоршаған ор­таға зиян келтіру фактілері анық­талса, заңнама талап­тарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жауапкершілігі сұралады.

Өңірде елді мекендерді газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл 14 жобаны іске асыруға 4,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2 өтпелі және 12 жаңа жоба бар. Жыл соңына дейін 10 елді мекенді табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде облыс халқын газбен қамту деңгейі 85 пайызға жетеді.

2026-2027 жылдары іске асыры­ла­тын жоба­ларды қаржыландыру үшін 19 млрд теңгенің бюджеттік өтінімі ұсынылды. Қолдау тапса, тағы 16 елді мекенге газ жеткізіледі. Одан бөлек, «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қо­ғамының инвестициялық бағдарла­масы аясында 6 елді мекенді газ­дандыру көзделіп отыр.