Көпбалалы отбасыларға төленген жәрдемақының мөлшері белгілі болды

1430

0

Әр балаға төленетін сомма 12 252 теңгені құрайды

Sputnik. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 27 млрд теңгенің жәрдемақысы төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді:

төрт балаға – 49 100 теңге

бес балаға – 61 383 теңге

алты бала – 73 666 теңге

жеті балаға – 85 948 теңге

сегіз балаға – 98 016 теңге

тоғыз балаға – 110 268 теңге

он балаға – 122 520 теңге

он бір балаға – 134 772 теңге

он екі балаға – 147 024 теңге

он үш балаға – 159 276 теңге

Әр балаға төленетін сомма 12 252 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<