Қармақшыда кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

149

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қармақшы ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерілік субъектілер саны 2025 жылдың 1 қаңтарына 3 мың 372 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс жасап тұрған субьектілер саны 3 мың 160 бірлік. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

«Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 2 млрд 483,9 млн теңге болатын 134 жобаға несие беріліп, 137 азамат 202,3 млн теңгенің грантын алды. Өнеркәсіп саласы бойынша 3 жоба жүзеге асты. Жосалы кентінде «АНК-Даулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауыты, Жаңажол ауылдық округінде кондитерлік цехы және Төретам кентінде «С-тройка» өндірістік кооперативінің бетон бұйымдарын өндіру цехы іске қосылды. Қызмет көрсету және сауда саласында құны 95 млн теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылуда», – аудан басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<