Шаруасы шалқыған Шиелі

104

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл Шиелі ауданында шаруашылық құрылымдары 31 мың гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл күріштің үлесі – 13 098 гектар, жыл қортындысмен әр гектардан 60 центнерден өнім алып, жалпы 78 588 тонна астық жиналды. Биылғы жылы ауданда 10 мың гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізілді. Суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісімен 2050 гектар жерге көкөніс және бау бақша дақылдары егілді. Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортты азайту мақсатында әр отбасының өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін шаруашылық құрылымдарымен 1 550 гектар жер дайындалып, бау-бақша өнімдері егілді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы техника паркі кейінгі 4 жыл көлемінде 63 пайызға жаңа үлгідегі отандық және шетелдік техникалармен жаңартылды.

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларына сәйкес мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік мал санында да өсім бар,- деді Айтбай Насраддинұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<