Шын талантты шығарған – Шиелі

100

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шиелі – дауылпаз ақындарды, арқалы әншілерді, марғасқа жыршыларды жалпы мәдениет майталмандарын, шығарған мекен. Дүбірлі додаларда жемісті өнер көрсетіп, ауданның ғана емес түгел Сырдың мақтанышына айналған бұл өлкенің өрендері де жетерлік. Мәдениет саласындағы жетістіктерді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндап берді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Облыстық «Алтын дән-2024» салтанатты шарасында жыл қорытындысымен Шиелі ауданы «Су үнемдеу технологиясын қолдану» бойынша «Озат аудан» номинациясын иеленсе, Сырдария ауданында өткен облыстық «Алтын күз – 2024» ауыл спартакиадасынан ауданымыздың спортшылары спорттың 16 түрінен өткен жарыста жүлделі 1 орынды алды.

Сондай-ақ, «Төрлет, еңбек адамы!»тақырыбындағы «Алтын домбыра» айтысында жерлесіміз, айтыстың ақтангері Мейірбек Сұлтанхан топтан озып шығып, «Алтын домбыра» иегері атанды. Жерлесіміз Ысқаққызы Ақкербез Алматы қаласында өткен «Қазақ аруы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды,- деді Айтбай Насраддинұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<