Сыр мешіттері 700 отбасыны қуантты

1741

0

Рамазан – рақымдылық пен ізгілік айы. Ораза ұстаудағы тағы бір мақсат – мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділік таныту.

Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған игі істердің бірі – «Рамазан қоржыны» республикалық акциясына Сыр мешіттері үн қосуда.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен акцияда аймақ мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаты айдың алғашқы жартысында азық-түлік себетін таратып, жалпы 700 шаңыраққа қуаныш сыйлады.

Жыл сайын дәстүрге айналған бұл жоба берекелі айдың соңына дейін жалғаса бермек.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<