Елорда атауы Астана қаласы болып өзгерді

947

0

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

***

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 қыркүйек

№ 1017

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<