«Ұлы дала жорығы» Сыр еліне аялдады

1043

0

Елімізде алғаш рет республикалық «Ұлы Дала Жорығы» атты марафон-бәйге өтіп жатыр. 12 күндік аламан жарыстың сегізінші күні, яғни 26 қыркүйек күні шабандоздар Сыр еліне табан тіреді.

Бәйгеге қатысушылар күніне 100 шақырыммен 800 км қашықтықты еңсеріп, ең алғаш мәре сызығынан Тараз қаласының шабандоздары аттады. Ал екінші Маңғыстау облысының, артынша киелі Түркістан облысының аттары келді. Көптен күткен Сыр елінің сәйгүліктері сызықтан төртінші болып өтті. Осылай 26 қыркүйектің нәтижесі қорытыланды.

«Ұлы Дала Жорығы» – бұл әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ жалпы республикалық ат спорты марафоны. Онда Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан облыстары секілді елдің алты өңірі қамтылып отыр.

«Ұлы дала жорығы» – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, еліміздің тарихын зерделеп, жаңа туристік маршруттар қалыптастыратын тың жоба. Бұл бәйге қазақ халқының «брендіне» айналары сөзсіз.

Айта кетейік, марафон-бәйгенің барлық кезеңін еңсерген команда Түркістан қаласына рекордтық қысқа мерзім ішінде жетіп, «Ұлы Дала Сарбазы» атағын иеленеді де 30 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені, ал екінші, үшінші орындарды иеленген командалар 20 млн теңге және 15 млн теңге көлеміндегі сыйақыны алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<