Жолдың қарсы бетімен жүрген: 16 жастағы жасөспірім жол ережесін өрескел бұзған

293

0

Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққаны белгілі болды. Осылайша көлік тізгінін басқарған жасөспірім Тимирязев көшесінің қиылысында ұсталды.

Полицейлер 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты ұстап, оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<