Облыс әкімі шыны зауытының жұмысымен танысты

214

0

Фото: облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытының жұмысымен танысты.

2022 жылдың қазан айында ашылған зауыт табақша шыны шығарумен айналысады. Жоба құны – 42,1 млрд. теңге, кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна. Мұнда 370 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


Зауыт іске қосылғаннан бері құны 23,9 млрд. теңге болатын 19 млн. шаршы метр шыны өндірілді. Оның 70%-ы ел ішінде сатылды, 30%-ы Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға экспортталды.

Аймақ басшысы зауыт жанынан жаңа өндірістер ашу мәселесін пысықтап, өңірге инвесторлар тарту бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<