Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді

713

0

26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Енді Мемлекет басшысы 26 қараша күні ант береді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 22 қарашада өткен ведомство отырысында Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады.

Сайлау нәтижесі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<