Үкімет басшысы облыс әкімдеріне тапсырма берді

574

0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімдері мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

«Дельта штамының» таралуына байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республикада аурушаңдық айтарлықтай өсті. Аурухана төсектерінің сыйымдылығы 56%, реанимацияда – 44%», деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин вакцинация бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда елімізде 5,5 миллион адам – вакцинаның бірінші компонентін, ал 4 миллион адам екіншісін алды.

«Ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын жүргізуде, 2 тамыздан бастап өңірлерде күшейтілген карантиндік шаралар күшіне енді. Барлық қабылданған карантин шектеуінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгін Ashyq жобасы кәсіпкерлерге карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді», деп қосты Премьер-Министр.

Ол облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухана, бастапқы орталық, мобильді топ, ПТР зертханаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік-санитарлық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бөлігінде бақылау топтарының жұмысын күшейту тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<