Желтоқсан оқиғасы халық жадынан өшпейді

550

0

Фото: облыс әкімдігі

Бүгін Сыр елінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне және Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.
Тағзым алаңына жиналған қауым ұлт болашағы үшін құрбан болған жастарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері қатысып, қарусыз қаһармандар рухына тағзым етті. Азаттық жолында жалындап жанған боздақтар құрметіне Сыр жұртшылығы атынан тағзым гүлі қойылды, Құран бағышталды.

Еске салсақ, 1986 жылы 16 желтоқсанда алаңға шыққан қазақ жастарына жала жабылып, жапа шекті. Олардың қатарында Қызылорда облысынан 150-ден астам азамат болды. Барлығы дерлік оқудан, партия қатарынан шығарылды.

Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, желтоқсаншылар толық ақталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<