17 өңірдің Білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірін жариялады

514

1

Білім басқармаларының басшылары министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша өз телефон нөмірлерін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», деп жазды А.Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.