23 мыңға жуық компьютерлік құрылғы алынады

945

0

Қашықтықтан оқытуға байланысты компьютерлік құрылғыларды сатып алуға республикалық бюджеттен 3,4 миллион теңге бөлінді. Қомақты қаржыға 22870 дана компьютерлік құрылғы алынады.

– Білім басқармасы мемлекеттік сатып алу заңының арнайы тәртібімен 14362 дана ноутбук пен 4802 дана планшетке және 3706 дана компьютерлерді жеткізуге келісімшартқа отырды. Қыркүйек айында 1000 дана ноутбук және 4802 дана планшет келді. Ал, 14 қазан күні 2700 дана ноутбук жеткізілуде. Сонымен қатар, қыркүйек айында 700 дана, қазан айында 276 дана компьютер жеткізілді. Бүгінгі күнге барлығы 9478 дана компьютерлік құрылғы жеткізілді. Бұл 41 пайызды құрайды. Қалған 10662 дана ноутбук пен 2730 дана компьютер қазан айының аяғында дейін жеткізілуі күтілуде. Ерекше айтуға тиіспіз, жеткізілген компьютерлік құрылғылар сот сараптама орталығы мамандарымен тексеріліп, техникалық ерекшелікке сәйкес келмеген құрылғылар жеткізушілермен ауыстырылып берілуде, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Компьютерлер ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, ерекше жағдайда үйден білім алатын және көпбалалы отбасының балаларына табысталады. Қазіргі күні бұл құрылғылар Қызылорда қаласының мектептеріне таратылуда. Ал, аудандарға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<