354 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес – ДСМ

621

0

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірігіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер осы мектептердің оқу жылына дайындығын тексеріп жатыр. Оның ішінде мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, мектепке келген балалардың ара қашықтығын сақтауына арналған белгілердің және санитайзерлердің болуы, мектепке кіре берістегі бақылау қалай жүргізілетінін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, тексеру 354 мектептің жаңа оқу жылына дайын емес екенін көрсетті.

«Бұл тексерулер 25 тамызға дейін жүргізілетін болады», деді Ажар Ғиният.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<