600 орындық екі жатақхана салынуда

1418

0

Биыл балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беруді дамыту мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленуде.

Бүгінде 550 орынға арналған үш қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, шаһарда студенттерге қажетті 600 орындық екі жатақхана салынуда.

-Өткен жылы инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Нәтижесінде 48 балабақша мен 43 мектепте арнайы инклюзивтік кабинет ашылды. Ал биыл 49 мемлекеттік балабақша мен 27 мектептен инклюзивтік кабинет пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса, шаһардағы №268 мектептің 200 орындық қосымша құрылысы мен «Қызылжарма» ауылдық окуругінен 900 орынға арналған жаңа мектеп салынатын болады, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов.

Сондай-ақ, Жаңақорғанда және Арал ауданы, Сексеуіл кентінде 300 орындық 2 мектеп іске қосылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<