Аралдық 332 талапкер грант иегері атанды

1331

0

Өткен аптаның сенбісінде республика бойынша білім беру гранттарының қорытындысы шыққан болатын. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекет тарапынан ұсынылатын грантқа 456 түлегіміз өтініш беріп, 332 талапкер тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Былтырғы жылғы грант иегерлерімен салыстырғанда мемлекеттік грантқа ие болған түлек саны – 31 талапкерге өсіп отыр.

Биылғы жылы да бөлінген гранттар әр түрлі бағытта рәсімделді. Атап айтар болсақ, 126 талапкер педагогика саласы, 38 талапкер медицина бағытында, 89 түлек техникалық мамандықтарға, 23 үміткер ауылшаруашылық мамандығы бойынша таңдау жасаса, ал 55 түлек басқа да бағыттағы маман иесі болуды таңдаған.

Сонымен бірге, ауданымызда 69 түлек «Алтын белгі» иегерлері болса, соның 67-сі грантқа ұсыныс тастап, 60 талапкеріміз таңдаған мамандықтарына қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<