«Бәйтеректе» 600 орындық мектеп салынады

1026

0

Қы­зыл­орда қаласында Жез­қазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп салынады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлімдеді.

Сол кезде «Бәйтерек» шағын ауданында тұратын 6600 отбасының  оқушы балалары үшін жақын жерде білім алу мүмкіндігі туады. Алдағы үш жылдағы жоспар бойынша осында 700 отбасы қоныстанады. Сөйтіп, оқушылар саны 1500-ге жуықтайды.

Қазіргі уақытта 150-дей бала «Бәй­терек­тен» қала орталығына қатынап оқып жүр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<