Ғылыми-зерттеу практикасының нәтижелері «Молодой ученый» журналында

866

0

Осыдан бірнеше ай бұрын Қызылорда «Болашақ» университетінің «6B01101 – Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері ғылыми-зерттеу практикасына шыққан болатын. Осы практика негізінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренумен қатар, өз тақырыптарына сәйкес ғылыми мақалаларын жазды. Осы ғылыми еңбектер Ресейлік «Молодой ученый» Халықаралық журналының соңғы нөмірінде жарық көрді.

21 студенттің ғылыми еңбектері жарық көрген журналда тақырыптар ауқымы өте кең. Студенттер қазіргі студент тұлғасының рухани-адамгершілігін қалыптастырудағы өзіндік сана-сезімнің маңызы, қазіргі студенттердің уақыт бюджеті мәселесінің ерекшеліктері, жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері, болашақ мамандардың басқарушылық қабілетін қалыптастырудың рөлі, студенттер арасындағы психологиялық жағдайды тудырудағы тәрбиенің маңызы секілді т.б. мәселелерді көтерген. Ғылыми-зерттеу практикасы негізінде жарияланған ғылыми мақалаларға әлеуметтік ғылымдар магистрі М.Д. Қасымбекова, педагогика ғылымдарының магистрі А.У. Тулепбергенова және педагогика ғылымдарының магистрі А.Қ. Серікбаева жетекшілік жасады.

Сонымен қатар, «Педагогика, дефектология» кафедрасының меңгерушісі М.Д. Қасымбекова арнайы нөмірді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін баспаның Алғыс хатымен марапатталды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<