Карантин: Компьютері мен интернеті жоқ студенттер қашықтан қалай оқиды?

398

0

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», – деді ол.
Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.
 «Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», – деді басқарма басшысының орынбасары.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай – Алматыда, 18 факті – Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<