Көтерілген мәселелер көңілден шықты

399

0

Облыс ұстаздарының жыл сайынғы басқосуында білім беру саласының алдында тұрған өзекті мәселелер қозғалды. Маған ұнаған тұсы – үштілділікке байыппен, кезең-кезеңімен оқушылар мен ұстаздар дайын болған уақытта ғана көшетініміз. Мұғалім мәр­тебесі туралы заң жобасында тек олардың әл-ауқатын, материалдық жағдайын жақсарту емес, бізге үлкен жауапкершілік артылатыны да жақсы көтерілді.
Мектеп жасынан бастап балаларды робототехника саласына дайындау мәселесі де бүгінгі күннің өзекті тақырыбына арқау болды. Сонымен қатар, нағыз сұранысқа қажетті мамандарды даярлап шығару қазірден басталу керектігіне назар аударылды. Өз тарапымнан мұғалім мәртебесін көтеру туралы заң жобасына қазіргі жас педагогтарды жұмысқа аларда олардың жеке басының мәдениеттілігі мен  білім сапасына қатаң талаптар қойылуын қосар едім.
Ләззат ҚАРАҚҰЛОВА.
№202 мектеп мұғалімі.
 Жалағаш ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<