Магистранттар мен докторанттардың оқуы қашан басталады

465

0

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында магистратура мен докторантура студенттерінің қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram-каналына сілтеме жасап.

МАГИСТРАТУРА

Магистранттарды 14 қыркүйекте қашықтан оқыту басталады.

31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;

5 қыркүйекке дейін грантқа өтініштер қабылданады;

7 қыркүйекте гранттар тағайындау бойынша конкурс нәтижелерін жариялау жоспарланған;

8 қыркүйектен бастап әкімдіктер гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа құжат қабылдау басталады;

11 қыркүйекте ЖОО-ға қабылдау үшін өтініш беру аяқталады.

2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады.

Бұл ретте қажет болған жағдайда магистранттардың өтінішімен ғылыми-зерттеу жұмысын зертханаларда жүргізуге болады. Зертханалық және практикалық сабақтар жеке кесте бойынша әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізіледі. Бұл кестені нақтылау үшін магистранттар өз ЖОО-ларына жүгінуі қажет.

ДОКТОРАНТУРА

Докторанттарды қашықтан оқыту 1 қыркүйекте бастайды.

1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі.

Ал 2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады.

Бұл ретте, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысы докторанттардың өтінішімен зертханаларда ұйымдастырылады. Зертханалық және практикалық сабақтар жеке кесте бойынша әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізіледі. Осы кестені нақтылау үшін докторанттар өз ЖОО-ларына жүгінуі қажет.

ИНТЕРНАТУРА МЕН РЕЗИДЕНТУРА

Интернатура мен резидентурадағы оқу күндізгі және қашықтан оқыту форматында жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<