Мерекеге ерекше тарту әзірледі

707

0

Қазақстан халқының тілдер мерекесінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ерекше құттықтау әзірледі. Жас зияткерлер әлемнің бірнеше тілдерінде аталған күннің маңыздылығына түсініктеме беріп, тілдің ұлттар достығы мен бірлігіндегі рөлін атап өтті.

«Тіл – ұлыстардың бірігуі мен ұйысуына ықпал ететін және адамдар арасындағы қатынастарды байланыстыратын негізгі тәрбие құралы», – деп санайды қазақ тілін жетік меңгерген 12-сынып оқушысы Руслан Когай.

«Тілдер мерекесі өз ана тіліміз бен өзге халқының тілін құрметтеуге тәрбиелейді және тілдер туралы білімімізді кеңейтуге мүмкіндік береді», – дейді 12-сынып оқушысы Саида Ерболатова.

Мектептің қазақ, орыс тілдері бірлестігі бастамасымен дайындалған видеоқұттықтауларда оқушылар тілдер мерекесінің тарихынан да сөз қозғады. Алғаш рет 22 қыркүйекте аталып өтілген бұл мереке 2017 жылдан бастап «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде өткізіліп келеді.

Мереке күні жастар мемлекеттік тілді дамытуға және заманауи қоғамда қажетті әлем тілдерін танып білуге ұмтылуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<