Мұғалімдерді «ханым» және «мырза» деп атау ұсынылды

1512

1

Мамандардың пікірінше, пандемия мен қашықтан оқу кезінде мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасындағы байланысты жақсарту мәселесі туындады

Қазақстандық оқушылар мұғалімдерді есімі және әкесінің атымен атайды.  «Педагог» немесе «ұстаз» сөзін қолданатын мектептер де бар.

Әріптестер арасында педагогтар әйелдерге «ханым» және ерлерге «мырза» сөзін қолдануы немесе тиісті әріптесінің аты мен әкесінің есімін атап сөйлеуі керек.

Білім және ғылым министрлігінде өткен аппараттық жиын кезінде Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті осындай ұсыныс айтты. 

«Қашықтан оқу кезінде ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы коммуникацияда жаңа әдіс қажет екені байқалды. Біз жаңа жүйені енгізу керек деп санаймыз. Сондай-ақ ата-аналар білім беру тек мектептің емес, ата-ананың да жауапкершілігі екенін түсінулері керек», – дейді Ұлттық академия басшысы.

Мысалы, басқа мұғалімдер мен ата-аналар ұстаздарға Айгүл Қапарқызы, Айгүл ханым, Самат Болатұлы, Самат мырза деп айтуы керек. 

Ал оқушылар Айгүл Қапарқызы, ұстаз немесе педагог деп атауға міндетті болады. 

Біраз бұрын Ғани Бейсембаев мамандар елдегі барлық мектептерде қоңырау орнына ұлттық күй ойнатуды ұсынғанын айтты.

Спутник.kz

Пікірлер:
  • Біздің Семейде Кеңес заманынан қазақ мектептерінде сабақ беретін адамға «мұғалім» деп айту қалыптасқан еді. Осы дұрыс деп ойлаймын. «Ханымдар» мен «мырзалар» кез келген салада бар, әкесінің атымен айту орыстың әдеті. «Ағай», «апай» деп туысыңды т.б. айта бересің. Ал «мұғалім» ол кісінің мәртебесін көрсетеді және басқа адамнан ерекшелейді. «Мұғалім айтты» дегеннің өзі неге тұрады! Бұл әдет біртіндеп мұғалімге деген құрметке әкеледі!

Пікір жазыңыз