Қолдаудың қарымы

429

0

Евгений Демиденко,
жас инноватор:
– ІТ саласына деген қызығушы­лығым анам сыйлаған қарапайым ком­­пьютерден басталды. Сол қар­қыннан таймай, өзімді дамыттым, же­­тілдірдім. Нәтижесінде әлемдік дең­гейге шығуға мүмкіндік алдым.
Биыл мен үшін де  жыл жемісті болды. YouTube видеохостингінің ба­ла­масын әзір­ледім, цифрлық техно­логиялардың көмегімен «Boeing 757» ұшағының базасы не­гізінде техникалық және жо­балық ұшақтардың апгрейді бойынша жоба дайындадым. Бүгінде ол Ұлыбританиядағы Кренфилд аэро­ғарыш университетінде іске асырылуда. Мұның барлығы жас инноваторларға қолдаудың зор екенін айғақтайды. Қазір Алма­тыдағы Қазақ-Британ тех­никалық уни­верситетінде білімімді жал­ғас­тырудамын. Жарқын болашаққа деген ұмтылыс алға жетелейтініне сенемін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<