Оқулықтар мектеп кітапханасына кесте бойынша тапсырылады

971

0

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ хабарлады.

Білім беру ұйымдары мен мұғалімдерден сұралатын есептіліктердің санын шектеу туралы 6-сәуірде 130-бұйрық қабылданды. 25-мамыр күні өтетін соңғы қоңырауды әрбір сынып жетекшісі өз оқушыларымен өткізетін болады. Оқу жылының аяқталуына байланысты оқулықтарды мектеп кітапханасына тапсыру жұмысы да бекітілген кесте бойынша рет-ретімен жүргізіледі. Тағы айта кететін жәйт, мұғалім еңбек демалысына шығуына байланысты мектеп оқушыларына оқулықтарыңызды тез арада тапсырыңыз деп, мектепке топтап шақыруға болмайды. Ал жоспар бойынша Ұлттық Біріңғай Тестілеу белгіленген уақыт бойынша өтпек.

– «Онлайн соңғы қоңырау» шарасы белгілі бір мерзімде өткізілмейді. Икемді кесте бойынша өтеді. 3-4 маусымда өтетін атестат беру кезінде сақтық шаралары қатаң сақталуы қажет. Егер сақтық шаралары сақталмай, айтылған ұсыныстар ескерілмейтін болса, біздің тарапымыздан тиісті әкімшілік шара алынуы мүмкін, – деді Маңғыстау облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<