Педагог қоғамдағы беделді тұлғаға айналуы тиіс

903

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың ой-ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң екеніне көзімізді жеткізіп келеді. Оған осы кеңестің үшінші отырысында келелі мәселелердің көтерілгені анық дәлел бола алады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңестің отырысында Мемлекет басшысының білім беру саласына айрықша назар аударғаны еліміздегі барлық ұстаздардың көңілінен шыққаны даусыз. Білім беру мен ғылымды дамытуға қаншама қаржы бөлініп, жаңадан білім ошақтары пайдалануға беріліп жатқанымен бұл салада әлі өзекті мәселелер жеткілікті

Президент білім сала­сын қаржыландыру және басқа­ру жүйе­сін жетілдіріп, оның барлық саты­сын­дағы басқаруды жаңғыртуға назар аударды. Иә, бұл уақыт талабы. Сонымен бірге еліміздегі мектептердің жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмауы қажеттігін айтты. Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасы көптен бері бәріміздің жанымызды ауыртып келеді. Мемлекет басшысы оны шешу міндеттерін атады. Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мән берілетін болады. 

Еліміздегі оқулықтардың сапасы өте нашар екені ұдайы көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе. Президент тапсырмасына сай енді оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекі­тілетін болады. Педагогтердің мәрте­бесі­не назар аударылып, оларға қолдау көрсе­ту, қоғамдағы беделді, танымал тұл­ға­ларға айналдыру туралы айтқаны баршамыздың ойымыздан шықты.

Баян ПАЛЫМБЕТОВА,

Әбу Құдабаев атындағы №197

қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<