Қашықтан оқу – уақыт талабы

1088

0

Осы күнгі білім берудің тенденциялары ақпарат­тық технологиялардың мүм­кін­діктерін белсенді пайдалануды қажет етеді.  Талапкерлер тарапынан қашықтан білім алуға күмәнмен қарайтын қалыптасқан көзқарасқа білім алудың бұл формасына нақты көрініс  жасау қажеттілі туындайды.

Қашықтан білім алуды теріс қабылдау қоғамда қалыптасқан стереотиптерге байланысты. Оны объективті түрде қабылдау үшін дәйек­тілігі мен мазмұнын дәлел­дейтін ұйымдастыру про­­­­цес­­тері мен  бәсекеге қабі­лет­­тілігін анықтап алған жөн.

Қашықтан білім беру дәс­түрлі оқу процестерінің ком­поненттерін: оқытудың мақ­саты, мазмұны, әдісі және ұйым­дастыру формаларын сақтай отырып, жоғары оқу орны мен студенттің ара қашықтықтағы өзара әрекеті. Интерактивтілікті қамтамасыз ететін интернет-технологиялар құралдары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, бұл – студенттің өзінділігін сипаттайтын оқытудың формасы. Осы ретте ақпараттық құралдар білім алу процесіндегі жетекші роль атқарады.

Жүргізілген зерттеу сауал­на­маға жүгінетін болсақ, 200 қатысушының 40%-і қа­шық­тан білім алудың сапасы төмен деп санаса, 30%-і тіпті оқытудың бұл формасы жайлы хабардар емес, ал 30%-і тиімді және сапалы деген пікірде. Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарамастан, елі­­міздегі қа­шықтан білім алу­шы­лардың қатары күннен күнге артып келеді.

Процесс жоғары оқу орны ұсынатын жеке кабинетте ұйым­дастырылады: оқу жоспары, оқу кестесі, үй тап­сырмалары, емтихандар мен сынақтар белгіленеді. Сту­денттің кей жағдайларда сабақ уақытын өзі таңдау мүм­кіндігі бар. Өндірістік практика да қарастырылған.

Оның тиімді жақтарына тоқталатын болсақ, бірін­шіден, жеке сабақ кестесі, екіншіден, студенттің өз қар­қынымен оқу мүмкіндігі, үшіншіден, интернет желісіне шығатын кез келген жерде оқу мүмкіндігі.  АҚШ зерт­теушілері қашықтан білім алудың нәтижелері дәстүрлі оқытудың нәтижелерінен кем түспейтіндігін айтады. Тағы да айта кететін тиімділігі –   бұл оқудың қолжетімділігі және уақыт үнемдеу. Алайда, жігер, еріктілік қасиеттерімен қоса өзін-өзі тәрбиелеуді талап етеді.

Қазіргі заманның интернет технологиясы адамдарға қашықтықтан білім алуға жағдай жасауда. Осыдан 50 жыл бұрын елестете алма­ға­нымыз бүгінде шын­дыққа айналды. Осылайша, қашықтан оқыту білім беру нарығында күннен күнге үлкен үлеске ие болып кеңінен дамуды жалғастырып келеді.

Жанар Найзабаева

педагогика және психология ғылымдарының магистрі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<