РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2099

0

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өтті.

Сессия жұмысына ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, ЭЫДҰ Білім мен дағдылар жөніндегі департаментінің басшысы Андреас Шляйхер, «НЗМ» Дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Ғани Бейсембаев,Қызылорда қаласынан «Алтын ұя» бөбекжай бақшасының IT әдіскері Тахмина Шәріпқызы қатысты.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде тікелей байланыста көрсетілген конференция жұмысына ЖОО ректорлары, өңірлік, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары мен қызметкерлері, 500 мыңнан астам педагогқатысып, белсенділік танытты.

Педагогтер қауымы бас қосқан жиында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін білім және ғылым саласының негізгі басымдықтары талқыланып, жаңа оқу жылындағы міндеттер айтылды.

Дәстүрлі шарада ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовөткен оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге, алдағы оқу жылында атқарылатын міндеттерге тоқталды.

Атап айтқанда, қашықтан білім беру, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» моделі, балабақша педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын қайта қарау, орта білім беру сапасын арттыру, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына дуалды оқыту жүйесін енгізу, жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарының реформасы, ғылыми кадрларды аттестаттау жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты.

Сонымен қатар, еліміздегі жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізілетінін, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенінатапөтті.

«Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаймыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

2022 жылдың қаңтарынан бастап балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы 25 пайызға өсетінін мәлім етті.

Кеңес отырысының соңында еліміздің үздік ұстаздары «Ыбырай Алтынсарин» атындағы, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<