Тіл үйрету – біздің басты мақсатымыз 

72

0

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл” деген қанатты сөз бар. Өткен ғасырда айтылса да, бүгінгі жаңа дәуірде де өзекті. Себебі заман талабына сәйкес жас ұрпақтың әлемдік тіл ағылшын тілін жетік меңгергені абзал.
Болашақ ағылшын тілін меңгерушілерді дайындап, тіл үйрету – біздің басты мақсатымыз. Тіл үйренемін деген оқушыға қазір мүмкіндік мол. Мектеп мұғалімдерінің ағылшын тілін білу деңгейі жоғары. Түрлі әдістерді қолданып, әрбір жаңа тақырыпқа үлкен дайындықпен келеді. Үздіксіз білім беру тек оқушы үшін ғана емес, мұғалім үшін де маңызды. Өйткені жаңашылдықты игеріп еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін трендтерді бақылау қажет.
Халықаралық тіл – ағылшын тілі.
Оқушыға ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру маңызды. Себебі үнемі жаңа тенденцияларды қадағалап отыруы керек. Ағылшын тілі мұғалімдері мәдениетаралық кеңістікке үлкен көмекші болады. Грамматика мен лексиканы үйрету ғана емес, нақты қарым-қатынасқа дайындау.
Әлемдік педагогикалық практикадан алынған оқытудың инновациялық әдістерін қолдана білуі қажет. Жаңа технологияларды қолданып,
оқу процесін бағалаудың тиімді әдістерін пайдалануы керек. Бүгінгі таңда оқыту- ең алдымен, жаңа нәрселерді қабылдауға, бұрыннан бар дағдыларды жетілдіріп, оларды жаңартуға дайын болуға шақырады. Мұғалімдер өздерінің білімдері мен дағдыларына сенімді болып, оларды үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Еліміздің ертеңі – жастар. Олардың жан-жақты болып, тіл меңгергені кезек күттірмейтін іс. Бүгінгі оқушы ертең-ақ өз саласының маманы. Егер жастарымыз ағылшын тілін меңгеріп, әлемдік бәсекеге қабілетті болса, еліміз қай салада болсын алдыңғы қатарда болады. Ал оқушыға ағылшын тілін үйретуде мұғалімге жүктелер міндет айқын.

Ұйқасбаева Ләззат, N116 орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі,

Жалағаш ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<