Үйде оқитын балалар онлайн байқауда бақ сынады

1211

0

Халықаралық балаларды қорғау күні мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, партияның «Кедергісіз келешек, «Бақытты отбасы» жобалары аясында үйден оқытылатын 4-7 сынып оқушылары арысындағы

«Әлемнің Абайы» атты байқауды «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Оған қалалық білім бөлімі тарапынан үйде оқитын 20 бала өтінім беріп, 2 кезең бойынша сынға түсті.

І кезеңде балалар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, 1 минуттық бейнеролик түсіріп жолдады.

 ІІ кезеңде олар ZOOM бағдарламасы арқылы қосылып, Абай шығармалары мен өмір жолынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Онлайн өткен байқау барысында балғындар қойылған сауалдарға жылдам, әрі  нақты жауап  беріп,  Абай  аталарының  шығармалары мен өмір жолынан жан-жақты хабардар екенін байқатты.

Балғындарды облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова мен облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова балғындарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Құрметті балалар, Сіздер, тәуелсіз елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Сіздердің бақытты өмір сүрулеріңіз үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған. Ата-аналарыңыз да Сіздердің білімді, білікті азамат болып қалыптасуларыңызға барлық күш-жігерін жұмысап жатыр. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін, -деді Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде балғындарды құттықтаған Ақзира Қасымова, мүмкіндігі шекетулі балаларды әлеуметтендіру-тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның да проблемасы. «NurOtan» партиясы инклюзивті білім беруді кеңейту, балаларды әлеуметтендіру және кедергісіз орта құру үшін үлкен жұмыстар жасап жатыр. Бүгінгі ұйымдастырылған шара соның бір көрінісі деп білемін және партия филиалы  басшылығына  ата-аналар мен балалардың атынан шынайы ризашылығын білдірді.

Байқауға қатысушы балғындардың барлығы арнайы алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтармен (планшет) марапатталды. Байқау онлайн түрде өткендіктен сыйлықтар балғындардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

Атап өту керек жалпы өңірде 1187 бала үйде оқиды. Олардың 469-ы Қызылорда қаласында. 4-7 сыныптарда оқитындарының саны жүзге жуық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<