Үздіктердің үздігі

891

0

Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен өткен республикалық эссе байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Талғатұлы мен Жібек Кучербаева жүлделі 2 және 3-орындарды иемденді.

Аталмыш байқауға еліміз бойынша  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 81 эссе келіп түсті. Оқушылар зияткерлік меншікке қатысты пікірлерін білдіріп, өздерінің өнертабыстарымен бөлісті.

Нұрсұлтан жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетуге арналған «PsyAid» веб-қосымшасын таныстырды. Ол психолог-оқушы және психолог-ата-ана арасында онлайн диалог құрастыра отырып, оқушылардың өзіндік мәселесін шешуге ықпал етеді.  Сонымен қатар, бағдарлама қолданушыларға психологиялық сау және жетілген тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін жаттығулар мен кеңестерді ұсынады.

«PsyAid» қосымшасы  болашақта сұраныс пен қолдауға ие болатын болса, мен өзіндік кәсіпкер құқығымды жүзеге асыратын боламын. Яғни, болашақта қосымшаны еркін түрде дамытып, пайдаланумен қатар техникалық және басқа шешімдерді қабылдау және сәйкесінше жоба құқығы сақталумен қамтаматасыз ету мақсатында патенттемекпін.  «PsyAid» қосымшасы Қазақстандағы жасөспірімдердің менталды денсаулығын нығайтуға ықпал етеді», – дейді жас өнертапқыш.

Ал Жібектің идеясы – көлік қозғалысын реттеуге және көлік кептелістері мәселесін шешуге бағытталған. Жас зияткердің айтуынша,  автожолдарды сандық жүйеге айналдыру арқылы жүргізушілерді қай аумақта көлік кептелісі бар екенін, жоспарланған аумаққа жетудің ең тиімді жолын тандауға көмектеседі.

«Автокөлік қозғалысы смартфонға байланысты болады. Ол үшін көшелер компьютер-камералармен, арнайы датчиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.  Бұл сандық технологиялар жол көлік қозғалысының қауіпсіздігіне он әсерін тигізеді», – дейді Жібек.

Сырбойылық зияткерлер «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» дәстүрлі байқауыныңтұрақты қатысушылары. Бұл сайыста жастар шығармашылық жұмыстары арқылы зияткерлік меншік саласындағы білімдерін арттырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<