Ұлт ұстазы атындағы мектепте тілдер мерекесі аталып өтті

1528

1

Бүгін Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Тілдер мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілі пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы»  атты кеш өткізілді.

Айта кету керек, оқу ордасы 1991 жылы ұлт жанашыры, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының не­­гізін салушы Ахмет Бай­тұр­сынов­тың есі­мімен атал­ған. Ғалым атын иеленген мектептің оқытушысы да, оқушысы да содан бері білім биігінен көрінуге барын салып келеді. 

Мерекелік шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында карантиндік сақтық шараларын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

Жиынға мектептің 5-11 сынып оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты.Шара барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан сахналық қойылым көрсетілді. Мектептің 9-сынып оқушысы Батырханұлы Бекжан Абай атамыздың рөлін сомдаса, Құнанбайдың рөлін 11-сынып оқушысы Амантай Даулет өте жоғары деңгейде алып шықты.

Сондай-ақ, У. Шекспирдің «Ромео и Джульетта»  пьессасынан үзінді қойылды. Ромео рөлін Байғұлы Дінмұхаммед, Джульетта рөлін Жүрсін Жанэль сомдады. Ал, 10-сынып оқушысы Амандық Жандос А. Пушкиннің «Памятник» өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.

Кеш соңында мектеп директоры А. С. Кушкинбаева мерекемен құттықтап, оқушылардың өнеріне алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<