Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

364

0

Кезекті тамыз конференциясында алдағы жаңа оқу жылына дайын­дық пысықталып, бағыт-бағдар бе­ріл­ді. Республикалық кеңесте тал­­қы­ланған келелі мәселелер мен міндет­тер де сөз болды. 

Әсіресе Инна Стивенс пен Нұрбек Саясат­тың баяндамасында цифрлық заманда ин­терактивті технологиялардың мүм­кін­діктері  ай­тылды. Қазіргі мек­теп­терге өзгеріс әкелетіндей қажетті бағдарлама туралы жақсы сөз қозғалды. Егер оны қолданысқа енгізсе, білім беру саласында үл­кен нәтиже көрсете аламыз. Сон­дай-ақ, ауылдық жердегі мектеп оқу­шыларына қалалықтармен тең­дей дәрежеде сапалы білім алуына жағ­дай жасау керектігін  аймақ бас­шысы атап өтті. Әр мұғалім өз деңгейінде жұмыс жасаса, биік бе­лес­­терді бағындыратыны сөзсіз. Ұзақ жылғы еңбегім ақталып, бү­гін «ҚР білім беру ісінің құрметті қыз­мет­­кері» төсбелгісін иелендім. Мен үшін бұл марапат ұстаздық жол­да жа­уап­­­кершілікті одан әрі арттырады.

Нақтыланған бағдарламаға негіз­дел­ген мұндай шаралар енді өз ауданымызда да жалғасын табады.

Шара БЕКЕЕВА,

№14 мектеп мұғалімі.

Арал қаласы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<