Соңғы қоңырау онлайн форматта өтеді

743

0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл оқушыларға аттестат тапсыру рәсімі қалай өтетінін айтып берді.

«Осыған дейін оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамырда дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылып келді, яғни мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бар. Елімізде төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр және 25 мамырда мектепте ешкім болмайды. Дәстүрлі форматта мектепте қоңырау соғылмайды. 25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді А. Аймағамбетов онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр аттестат тапсыру шараларына қатысты тоқталды.

«3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлып отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, аталған шара аясында бірқатар шектеулер болады.

«Айқын».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<