Жаңа оқу жылының жаңалығы қандай?

1076

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованы қабылдады. Қабылдауда өңір басшысына жаңа оқу жылын қашықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту және білім нысандарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды.

Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі түрде оқытылатын болады. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шең­берінде республикалық бюд­жеттен 8 млрд теңге бөлініп, осы қаржыға облыстағы 52 білім нысаны жөндеуден өтуде. Қабылдауда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп әжетханаларын ғимарат ішіне көшіруге, білім беру ұйымдарын бейне­бақылаумен қамтуға қатысты жұмыстар сөз болды.


Облыстағы 293 мектептің 69 процентінде, яғни 202 білім ошағында әжетхана ғимарат ішінде орналасқан.

Қазір қалған 91 мектепте әжетхана ішке көшірілуде. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады.


Қабылдау соңында өңір басшысы жаңа оқу жылының дайындық жұмыс­тарын сапалы жүргізуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<