Жаңақұрылыста үш алтын – 127 балл

739

1

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы мұғалімдердің мерейін өсірді. Пандемияға байланысты сындарлы шақтарда білім беру саласының бүгінгі жағдайын салмақтаған ел президенті қашықтықтан оқытудың жаңа жүйесін қалыптастыру мен қатар, мектептегі дәстүрлі оқудың маңызы ерекше екендігін атап өтті. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың дәстүрлі тәсіліне әзірленген жөн деген. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі оқушысы 300-ге дейінгі мектептерге санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқуға рұқсат етілгені. Соның бірі Жаңақұрылыс елді мекеніндегі №74 қазақ орта мектебі жыл басынан бері дәстүрлі оқуға көшкен.

Әрбір елдің ауылдың келешегі  мектебіне байланысты, ал мектептің жүрегі ұстаз екені бесенеден белгілі. Елбасымыз Н.Әбішұлының «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»- деген сөзі ұстазға деген құрмет екендігін білдіреді. Сөзім тұшымды болу үшін Президентіміз бен Елбасымыздың сөздерін тілге тиек етіп отырмын. Жалпы бүгінгі күннің өзекті мәселесі жас ұрпақтың кемел келешегін қалыптастыру. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріне сапалы білім мен тәрбие беріп қана қоймай, болашақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына қызмет етеді. Ұстаздардың сапалы білім беруі, ата-аналардың күнделікті саналы тәрбие беруі балалардың болашағына кемел жол ашады. Балалардың ортасы дұрыс тәрбиеленеді. Осындай саналы тәрбие сапалы білім алып, жыл сайын түлектері алтын медалға ие болып, оны қорғап ауылдың мерейін өсіріп келе жатқан Арал ауданынан 170 шақырым шалғайда орналасқан Жаңақұрылыс ауылындағы №74 мектептің биылғы түлектерінің қуаныштарын, жаңалықтың жаршысы, Сыр алаштың айнасы «Сыр бойы» газеті арқылы көпке жеткізуді жөн көрдім.

       Жоғарыда айтқандай мектеп ұстаздарына және неше жылдан бері оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жөнінде суығына тоңып, ыстығына күйіп, оқушылар қуанса қуанып, ренжісе оларға демеу беріп, алға жетелеп жоғары жетістіктерге жеткізіп жүрген мектептің бейіндік завучының ерекше еңбегін ұжымдастары, халық жоғары бағалап келеді. Халық айтса қалып айтпайды деген. Әрине бұрында да айтып, жазып жүрмін. Екі қабатты жаңа мектептің іргетасын сол кезеңде облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы бір сапарында 2014 жылы іргетасын өз қолымен қалап, 2015 жылы мектептің ашылу салтанатына келіп, Жаңақұрылыстықтар жыл сайын мектеп бітірген балаларыңыз омырауларына алтын тағып, еліміздің тұлғалы азаматтары болсын деп батасын берген. Сол дуалы ауыздан шыққан дуалы сөз қабыл болып, жыл сайын мектеп бітірген түлектер омырауларына алтын тағып, оны қорғап келеді.

Ал биыл ше?! Биыл мектеп бітірген 13 баланың 3-еуі омырауына алтын тағып, аулымызды бір көтеріп тастады. Олар – Сердалиева Әсем Ғалымқызы, Ғарифуллақызы Фарида, Қожагелдиева Ақмарал Жеңісбекқызы. Әрине бұл жоғарыда айтқандай ұстаздарының сапалы білім, ата-аналарының саналы тәрбие беруінің жемістері және де оқушы балаларымыздың, биылғғы жаңартылған бағдарлама бойынша балалардың өз беттерінше әртүрлі курстарға қатысып, ізденулері мен қатар уақытпен санаспай дайындықтарының арқасында осындай жоғары жетістіктерге жеткеніне куә болып отырмыз.  Сөз арасында: «Біз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, алдымызға мақсат қоя білдік, сол мақсатымызға жету үшін жан-жақты оқып, ізденуіміздің нәтижесінде қол жеткіздік, біздің біріміз дәрігер, біріміз ұстаз болып, елімізге өз үлестерімізді қосып, кейінгі ұрпақтарға үлгі болсақ деген ойларын қысқаша жеткізді. Біздер  жалпы мектеп бітіруші түлектерге келешектерің келісті, еңбектерің жемісті болсын.  Абай атамыз айтқандай

 «Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан» – деген алға қойған мақсаттарыңа жете беріңдер демекпін. 18-ші  маусмдағы соңғы ҰБТ – де 127 балдан жинап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тарту етті. Жалпы ұстаздарға, шәкірттерге деген құрметіміз қашанда ерекше болып қала бермек.

Сердалы Шалбаев,

Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер

Кеңесінің төрағасы. Арал ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<