Жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттердің шәкіртақысы өседі

419

0

Жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттердің шәкіртақысы артады. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«1 қыркүйектен 122,5 мың адамды қамтитын техникалық және кәсіптік білімнің жұмысшы мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы 30  пайызға артатын болады. Жоғарыда аталған қауырт шаралар біздің бәрімізді толғандырып отырған әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізеріне сенім білдіремін. Әрине, мұның барлығы Елбасының танымал стратегиясында белгілеген мақсаттарға қол жеткізуге оң әсерін тигізетін болады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміздің экономикасының алдында өте күрделі тегеуіріндердің тұрғандығына қарамастан осынай шаралар қабылданып отырғандығын баса  айтты.
«Олар негізінен сыртқы әсерлерден туындап жатыр. Сауда соғыстары мен санкциялық текетірес жалғасуда.  Толықтай алғанда әлемдегі геосаяси ахуал күрделі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<