650 мыңнан астам азамат сақтандыру мәртебесін алды.

505

0

Қызылордада 650 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов айтып берді.

– Бүгінде МӘМС жүйесінен жеңілдетілген санаттағы азаматтар «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы уақытша сақтандыру мәртебесін ала алады. Мысалы, жұмыс істемейтін жүкті әйелдің МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ. Ол мобильді қосымшада «Жеңілдік санатына уақытша мәртебе беру» батырмасына өтіп, мәртебесін, аймағын, ЖСН-ді көрсетіп, жеңілдік санатын растайтын құжатын тіркеу қажет. Содан кейін сарапшылар жүктілікті растайтын анықтамалардың негізінде бір айға уақытша мәртебе береді. Осыдан кейін жүкті әйел есепке алынады. Жалпы, жыл басынан бері аймақтың 650-ге жуық тұрғыны уақытша сақтандыру мәртебесін алды, – деді Бақыт Торғайбайұлы.

Айта кетейік, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын қолдана отырып, сақтандыру мәртебесін және медициналық сақтандырудағы төлемдердің мөлшерін білуге болады. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы сауалдарға да жауап аласыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<