Алматыда бір тәулікте 1,9 мың адам вакцина алды

446

0

Алматы қаласында бір тәулікте 1968 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 қазан күні 1968 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 678 , II компонентін 1 290 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 03 қазан аралығында қалада 956 779 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 877 749 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 416 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» – деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.