Биыл жіті ішек инфекциясын жұқтырушылар көбейді

294

0

Қызылорда облысында биыл жіті ішек инфекциясын жұқтырудың 553 жағдайы тіркелді. Олардың 104-і бау-бақша өнімдерімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жаздың алғашқы айларында тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектерді тұтыну күрт артып кетеді. Бұл жіті ішек инфекциясын жұқтырудың санын арттырады. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 81,8%-ке жоғары.

«Аурушандық деңгейінің өсу тенденциясы Қызылорда қаласы және Арал мен Шиеліден басқа ауданнның барлығында байқалған. Жұқпалы жіті ішек ауруларының 87%-і Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Науқастанғандардың 83%-і 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар 60-70%-і құрап отыр», – деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.

Департамент мамандары тұрғындарға нитраттардың зияны туралы ескертеді. Жемістер мен қауын-қарбызды рұқсат етілмеген орындардан сатып алмауға кеңес береді.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<