КВИ: Вакциналаудан кейінгі қандай аралықта жүктілікті жоспарлауға болады

308

0

Жүктілікті вакциналаудан кейін 2 ай өткен соң жоспарлауға болады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тақырып көпті ойландырып жүрген белгілі. Қазіргі кезде вакцинаны алуды немесе жүктілікті жоспарлап отырған әйелдердің сауалына тоқталсақ, жүктілікті вакцинациядан кейін 2 ай өткен соң жоспарлауға болады. Себебі ағзада толық иммунитет қалыптасады. Еріктілердің арасында жүкті әйелдердің болмауына байланысты бұл вакцинаның жүкті әйелдердің ағзасында қалай жүретіні туралы ғылыми мәліметіміз жоқ. Соған байланысты осындай шешім қабылданып отыр», – деді А. Қуатбаева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, уақыт өте келе ғылыми жұмыстардың нәтижесіне байланысты бұл бағыттағы тәселдер өзгеруі мүмкін.

«Сондықтан вакциналаудан кейін 2 ай өткен соң жүктілікті жоспарлай беруге болады», – деп нақтылады Айнагүл Қуатбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вакцинаның бірінші компонентін салдырған созылмалы ауруы бар адамдар саны 32 314-ке жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз