Медицина қызметкерлеріне – тегін жолдама

788

0

Облыстық психикалық денсаулық орталығында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы коронавирус індетімен күрес барысында  ауру жұқтырып, айығып шыққан 100 медицина қызметкеріне Ақмола облысы «Бурабай» ауданында орналасқан «Шучинск» демалыс орнына тегін жолдама табыстады. Жолдаманың құны  7 500 000 теңгені құрайды.

Халық денсаулығының жа­қ­саруы жолында аянбай ең­­бек етіп жүрген сала қыз­мет­керлері тамыз-қыркүйек ай­лары ара­лы­ғында 10 күн бойы ши­пажайда демалады.

Жалпы «SENIM» кәсіп­одағы облыс көлемінде індетке қарсы күресте меди­цина­лық ұйымдармен бірлесе жұ­мыс атқаруда. Қыз­меткерлерге кө­мек көр­се­тіп, тұрмыстық жағ­дайын кө­­теру үшін 250 от­басына азық-түлік өнімдерін таратты. Об­­лыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 185 дана төсек жиынтығын сатып алып та­быстаса, облыстық жедел жәр­дем стан­циясына  2000 дана бет­перде тігуге жабдықтар сатып алып берді.

Оған қоса, емдеу мекеме­лерінің қажеттілігіне орай тем­пература өлшейтін құрал (бес­контактный термометр) са­тып алынды. Індет түбегейлі жойылмағандықтан, өңірдегі барлық оқушылардың 83 про­центін қашықтан оқыту жос­парлануда. Осы ретте,  сала қызметкерлерінің оқушы бала­ларына 44 планшет сатып алынып, табысталуда.  Бұдан бөлек, облыстық филиал мен Сырдария аудандық ауруха­насының бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан аудандық ауру­хананың кеселмен күресуге атсалысқан 9 медицина қыз­меткеріне демалыс орнында ты­нығуға тегін жолдама берілді.

 Облыстық филиал 10 384 мың теңгеге облыс көлеміндегі медицина саласының қызмет­керлеріне көмек көрсеткен. Фи­лиал төрағасы Асылхан Абы­лайханұлының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Айнұр СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<