«Оқушылар тұмаудың өршуі кезінде қашықтан оқитын болады»

1015

0

ЖРВИ мен тұмаудың кең таралуына байланысты қазақстандық оқушылар қайтадан қашықтан оқу жүйесіне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Барлық дерлік аймақтарда тұмаумен ауырғандардың саны күрт өсуде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, көптеген адамдарда вирустық инфекция асқынған.Қазан айынан басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында күн сайын дерлік вирустық инфекция анықталуда. Бүгінгі таңда бес мыңға жуық науқас келген. Сонымен қатар көпшілігінде «В» типті вирус табылды. Санитарлық дәрігерлер ондай кезде науқастың дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелетінін айтады. Науқастан мұндай белгілер байқалса, инфекциялық ауруханаларға жіберіледі. Бұл вирус елордалық тұрғындардан жиі анықталады. “Ауруханаға жатқызылып, стационарлық емдеуді қажет ететін пациенттер өсуде. Бір ай бойы стационар қоры 100%-ға толтырылды. Бүгінгі таңда 159 пациент ем алуда. Олардың 60%-дан астамы тұмаумен ауырады, көпшілігі жүкті әйелдер”, – деді Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Атығаева. Қазақстан бойынша ЖРВИ-ның 800 мыңға жуық жағдайы анықталды. Науқастардың жартысынан көбі балалар. Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда. “Сырқаттардың саны өскен жағдайда, егер сыныпта бір инкубациялық кезеңде 30% немесе одан да көп бала ауырса, мұндай жағдайда сабақ онлайн-форматқа ауыстырылады. Эпидемиологтар вирустық аурулардан сақтану үшін вакцина алу керек дейді. Қазір емханаларда балалар мен 65 жастан асқан қарттар, созылмалы аурулары бар науқастар және медицина қызметкерлеріне тегін екпе салынады. Қазіргі уақытта вакцинаны ел тұрғындарының шамамен 10% алды”, – ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Дәрігерлер өзін-өзі емдеу шараларын жасамауға кеңес береді. Сонымен қатар адамдар көп жиналатын жерлерге көп бара бермей, медициналық маска кию ге кеңес беріледі. Мұрынға арналған спрейлер мен антисептик қолдану қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<