Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі

557

0

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарияның айтуынша, вакцина сенімді, уақытша әзірлеу технологиясымен тексерілген. Ондағы барлық компоненттер соңғы 60 жыл ішінде зерттелген және қауіпсіз. 

Сонымен қатар маман қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша мерзім сақталатыны туралы да айтып өтті.

«Спутник-V» иммундық жауапты ұстап тұруы үшін екі жыл бойы оны тексеру керек. Бүгінгі күні бұл зерттеулердің жүргізілгеніне тек қана бір жыл болды. Сондықтан оны нақты айту қиын. Біздің вакцинамыз туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталған соң айта аламыз. Дегенмен басында ғалымдардың өзі вакцина салған сәттен бері тоғыз ай өтті. Тоғыз айдың ішінде иммундық жауап жоғары болып тұр», деді ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария.

egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<