QazVAC вакцинасын әзірлеушілер марапатталды

556

0

Үкімет QazVAC отандық вакцинасын әзірлеушілерге екі арнайы марапат табыс етті.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлерін марапаттады.

«Премьер-министрдің орынбасары QazVAC қазақстандық вакцинасын әзірлеушілерге екі арнайы марапатты табыс етті», – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Цой атап өткендей, коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге төлем жасау жалғасады.

«Медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін күшейту және сақтау мақсатында кәсіби даму үшін ынталандыру пакеті, әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандарты, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау жүйесі әзірленіп, енгізіледі», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<